Асанова Шеринбуви Шакировна » Б.Назым атындағы мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Б.Назым атындағы мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Асанова Шеринбуви Шакировна
09
март
2022

Асанова Шеринбуви Шакировна

Асанова Шеринбуви Шакировна 1968- жылы 8 - қарашада Жаркент қаласында дүниеге келді. Ұлты ұйғыр 1986- жылы
С М Киров атындағы орта мектебінің 10 - сыныбын бітірді. 1986- жылы Алматы қаласындағы Шет тілі институтына түсті. 1992 - жылы осы институтты бітіріп, өзі орта білім алған
С М Киров атындағы орта мектепке шет тілі пән мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1993 жылы қаладағы Б.Назым атындағы орта мектепке өз еркімен ауысты. Білімі жоғары.
2000- жылдан 2011- жылға дейін мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары қызметін атқарды.
2011 - жылдан бастап осы мектептің директоры қызметін атқаруда. Наградалары, Алматы облысы білім департаментінің құрмет грамотасы 2006 ж , Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хаты 2009 ж , Ы Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру Академиясының құрмет грамотасы 2009 ж , Қазақстан Республикасы кіші ғылым академиясы президиумы грамотамен марапатталды 2013ж Аудандық білім бөлімінің құрмет грамоталары 2008,2009,2013,2014 ж ж. 2012 жылыдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысты жүзеге асыруға белсене қатысқаны үшін Панфилов ауданының әкімі М.Бигелдиевтің алғыс хаты және элиталы тұқым өсіруші «Ернар» ШҚ басшысы Т.Жапарқұловтың алғыс хаттарымен марапатталды, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Республикалық ұйғыр этномәдениет орталығының төрағасы Ш.Нурумовтың мақтау қағазы 2016 ж, 2017ж Панфилов ауданы Нұр Отан партиясының алғыс хаты, 2017 ж.Білім Министрінің құрмет грамотасымен марапаталған .
Отбасында жұбайы және 2 баласы бар.
2012 жылы аудандық маслихатының депутаты болған.
2015 жылдан бастап аудан әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі.