ІІІ тоқсан есебі » Б.Назым атындағы мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Б.Назым атындағы мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
апрель
2022

ІІІ тоқсан есебі

Билал Назым атындағы орта мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы 

психологтардың   жұмысының  III тоқсан есебі



Мақсаты: психологтың ІІІ тоқсанда  атқарған жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.

Қаңтар айында 

  1. 9 «А», «Б», «В», «Г» – сынып оқушыларынан кәсіби бағыттылығын анықтау бойынша сауалнама алынды.

 Сауалнама  мақсаты: Оқушылырадың 9-сынып бітіргеннен кейінгі ой-ниетін анықтау, яғни ересектердің айтқан ақыл-кеңесін, өзі таңдаған мамандығының мазмұны мен оның адамға қоятын талабы туралы не біледі, өзінің қабілеттерін қалай дамытады, жасаған   жоспарын қалай жүзеге асырады, қосымша нұсқалары бар ма деген алуан түрлі сұрақтарға жауап іздеу.

 




Сауаланамаға 9 сынып оқушыларынан жалпы 124 бала тест тапсырып, төмендегі көсеткішті көрсетті:

60 бала - 10-сыныпты оқиды

29 бала – пед.колледж

10 бала – мед. kолледж

11 бала - кәсіптік мектепке   

 3 бала – әскери колледжге баратындығы анықталды


  1. Мектепішілік есепте тұрған оқушылардың үйлерін аралау, рейд жүргізу. Тренинг өткізу. 

Мектепішілік есепте тұрған екі бала: 10 «А» сынып оқушысы Василов Руфаттың үйіне мектеп психологы Таипова Зулхумар барып, анасы Василова Рошангульмен кездесіп, әңгімелесіп қайтты. 

9 «А» сынып оқушысы Султанов Рустамдың үйіне сынып жетекшісі Шарипова Диляраммен бірге мектеп психологы Таипова Зулхумар барды. Әкесі Хашимов Шухратпен әңгімелесті.

Мектепішілік есепте тұрған екі баламен «Агрессия және мен» атты тернинг өткізілді. 

Тренинг мақсаты: Агрессияның себептері мен алдын алу жолдары. Кикілжің және оны шешу жолдарын қарастыру. Кикілжің кезінде достасу тәсілдерін бойға қалыптастыру Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: «Баланың жағымды «Мен» бейнесін қалыптастыру; Тренинг арқылы баланың сенімділігін арттыру. 

  1. Отбасын қолдау орталығы «Жанұя» қоғамдық қорының «Кәмелетке толмағандарға мониторинг және психологиялық қолдау жүйесі» бағдарламасы бойынша оқушыларды зерттедік, яғни интернет жүйесі арқылы оқушылар тест тапсырды.

Мақсаты: : Оқушының мінез құлқын айқындау, әлуметтік бейімдеуге кедергі болатын жағдайлардың алдын алуға және болдырмауға көмек көрсету 

Тестке 7-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың жалпы саны – 526 (7 – 11-сыныптар бойынша), тестке қатысқан 514 оқушы.

Тест нәтижесі: Құпия түрде сақталады. 

  1. Зорлық зомбылыққа жол жоқ!  Тақырыбында  8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды.

Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың қоғам және жанұядағы орнын, қоршап тұрған ортаның балаға болған қарым қатынасын анықтау.

Нәтижесі: зорлық зомбылық көріп, қиналып тұрған бала анықталған жоқ.

Ақпан айында

  1. Үйден оқийтын оқушылардың үйлерін аралау.

Мақсаты: Оқушының психологиялық ахуалын анықтау,  отбасының баламен болған қарым қатынасын бақылау

Нәтижесі: Үйден оқитын оқушылардың үйлеріне мектеп психологтары Курбанова Г.А және Таипова З.Н барды

  1. Социометрия әдісі бойынша 5-11 сыныптардан сауалнама алынды. 

Мақсаты: Оқушының қоршап тұрған ортамен болған қарым қатынасын анықтау

Нәтижесі: Жалғыздыққа тап болған оқушы байқалмады

  1. Сұраныс бойынша 4 «Б» сынып оқушысы Гаитов Исламды бақылауға алдық. 


Мақсаты: Оқушыны жүйелі түрде сабаққа қатыстыру

Нәтижесі: Гаитов И. сабаққа күнде кеп жүр

  1. Зорлық зомбылықсыз балалық шақ! 8 сыныптармен тренинг өткізілді

Мақсаты:

  • Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
  • Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету
  • Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
     Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге ба
    рБмауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
  • Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру

Нәтижесі: Оқушылар зорлық зомбылық туралы толық мағлұмат алды, тренингтер арқылы өзін қорғауды үйренді

  1. Сіз кітап оқуды ұнатасызба ? 5 – 11-сыныптардан сауалнама алынды

Мақсаты: Оқушылардың кітапқа болған қызығушылығын  арттыру.



Наурыз айында

  1. 1- наурыз алғыс айту күні! Тренинг 8-11 сынып ошыларымен психолог Курбанова Гульбахрам өткізді

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Нәтижесі: оқушылар «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік алды

  1. Алғысымыз шексіз! Мектептің тазалығымен қамтамасыз етіп отырған абзал жандармен (техперсоналдармен) тренинг

Мақсаты: Мектептің   техперсоналдарына мектеп ұжымы атынан ризашылық білдіріп, рахмет айту. Ұжымның үлкен-кішіге  деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, кішіпейілдікке,  ізеттілікке тәрбийелеу

Нәтижесі: Тренинг арқылы алғыс күні туралы түсінік алды, ұстыздар және оқушылар ұжымы атынан   техперсоналдарға мектептің   тазалығы үшін рақмет айтып, алғысы шексіздігін білдірді

  1. Мектеп психологтары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бакиева Н.И. ұйымдастыруымен мектептің 9-11 сынып оқушылары теолог маманмен кездесті.

Мақсаты: Жасөспірімдерге қоғамның әлуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта араңдатуға жол бермеу, тыйым салынған сайттар туралы мағлумат беру

Нәтижесі: Оқушылар террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағыт бойынша мағлумат алды. Тыйым салынған сайттар бойынша түсінік алып, келешекте ондай сайттарға кірмеуге уәде берді.

  1. «Мамандық таңдау»  тренинг. Курбанова Г.А  9-сынып оқушыларымен өткізді